Алматы қаласы мен облысындағы өзендердің су деңгейі көтерілуі мүмкін

729

Қазгидромет 5 мамырда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Алматы қаласы мен облысындағы өзендердің су деңгейі көтерілуі мүмкін

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында найзағай жарқылдайды. Облыстың солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай жарқылдап, дауыл соғады.

Шымкент қаласында дауыл күтіледі. Найзағай жарқылдап, батыстан соққан жел екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Жел 15-20 м/с жылдамдықта болады.

5 мамырда таңертең және күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде найзағай жарқылдайды.

Қостанай облысының шығысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Таулы өңірлерге қатты жауын-шашын болжамына байланысты 5-6 мамыр аралығында Алматы облысы мен Алматы қаласы маңындағы таулы аудандарындағы өзендердің су деңгейі көтерілуі мүмкін.

Алматы қаласында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу