Алматы қаласы Спорт басқармасының экс-басшысы 4,5 жылға сотталды

Үкімді судья Жомарт Мұхамбетжан оқыды.

Алматы қаласы Спорт басқармасының экс-басшысы 4,5 жылға сотталды Фото: nur.kz

Медеу аудандық N2 соты Алматы қаласы Спорт басқармасының экс-басшысы Рүстем Байсейітов пен оның қарамағындағы қызметкерлеріне қатысты үкім шығарды. Оларға 367 млн теңге жымқырды деген айып тағылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Сот үкімімен Рүстем Байсейітов кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Алматы қаласы Спорт басқармасының қаржы-шаруашылық басқармасының бұрынғы басшысы Әйгерім Байғонова 3 жыл 6 айға сотталды.

"Қазақстан гольф федерациясы" ҮЕҰ спорт менеджері Әлия Смақова – 3 жылға,

"Qazaq Sport" ЖШС директоры Ержан Мұхаманов – 7,5 жылға сотталды. 

2023 жылдың қаңтар айында Антикор Алматы қаласы Спорт басқармасының лауазымды тұлғаларына 367 млн теңге жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеудің аяқталғанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу