Алматы қаласы ТЖ департаментінің жаңа бастығы тағайындалды

383

Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып полковник Нұрлан Атығаев тағайындалды. 

Алматы қаласы ТЖ департаментінің жаңа бастығы тағайындалды Фото: ҚР ТЖМ

Жаңа бастықты ТЖД жеке құрамына Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Ерлан Нұрпейісов таныстырды.

Нұрлан Атығаев 1978 жылы Көкшетау облысында дүниеге келген. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігінің Көкшетау техникалық институтын бітірген.

Еңбек жолын Солтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің Айыртау ауданы № 7 өрт сөндіру бөлімінің инспекторы болып бастады. Әр жылдары Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Тайынша ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, департамент бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқарды. 2020 жылдың желтоқсан айынан 2023 жылғы қазан айына дейінгі аралықта Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды.

Вице-министр ТЖД қызметін жетілдіру, атап айтқанда жылыту маусымында алдын алу шараларын, қысқы кезеңдегі іс-шараларды күшейту, түрлі төтенше жағдайлар санын азайту, әсіресе халық арасында қауіпсіздік мәдениетін насихаттауды күшейту бойынша міндеттер қойды.

Ерлан Нұрпейісов жеке құрам арасында заңдылықты, тәртіпті сақтауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық және алдын алу шараларын мүлтіксіз орындау туралы атап өтті. 

Қорытындылай келе, вице-министр ұжымға қойылған барлық міндеттерді шешуде табысты жұмыс тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу