Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді

292

Ол жергілікті кәсіпкерлерден 14 миллион теңге көлемінде пара алу бойынша күдікке ілінді.

Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді Фото: inbusiness.kz

Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары ірі көлемде пара алу бойынша күдікті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жетісу ауданы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Ол жергілікті кәсіпкерлерден 14 миллион теңге көлемінде пара алу бойынша күдікті. Сома мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасуға, орындалған жұмыстар актілеріне қол қоюға және жалпы қамқорлыққа алуға жәрдемдесуге арналған.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу