Биылғы жылы коронавирус пандемиясына байланысты "Астана Моторс" компаниясы медициналық орталықтарды барынша қысқа мерзімде реанимобильдермен қамтамасыз ету мақсатында өндіріс қарқынын айтарлықтай арттырды. Бүгінде еліміздің 15 өңіріне жалпы саны 426 реанимобиль жеткізілді: Нұр-Сұлтан қаласы – 14 бірлік; Солтүстік Қазақстан облысы-18; Қостанай облысы – 26; Ақмола облысы – 30; Павлодар облысы – 16; Қарағанды облысы – 30; Батыс Қазақстан облысы – 20; Ақтөбе облысы-19; Атырау облысы - 22; Маңғыстау облысы - 20; Жамбыл облысы – 18; Түркістан облысы – 40; Қызылорда облысы – 19; Алматы облысы – 49; Алматы - 85. Оның 391 бірлігі – Жол картасы аясында Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы (бұрын "ҚДБ-Лизинг") жүзеге асырылды.
Hyundai H350 Ambulance реанимобильдері Германия, Италия және Ресей елдерінің алдыңғы қатарлы медициналық жабдықтарымен – дефибрилляторлармен, жасанды тыныс алу аппараттарымен (ӨЖЖ), электрокардиографтармен (ЭКГ) және т.б. жабдықталған. Реанимобиль Кеден одағының техникалық регламентіне, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын талаптарына сәйкес келеді және Евро-5 экологиялық стандарттарына жауап береді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда құрастырылған алғашқы Hyundai H350 Ambulancе 2018 жылдың наурыз айында HyundaiTransAuto желісінен шыққан болатын. Заманауи көлік өзін әлемдік нарықта науқастар мен медициналық қызметкерлер үшін ыңғайлы, қуатты қозғалтқышы бар қауіпсіз, сенімді, функционалдық көлік ретінде көрсетті. Өз кезегінде зауыт Hyundai H350 Ambulance автомобиліне үш жыл бойы немесе 150 мың шақырымға кепілдік береді, сондай-ақ "Астана Моторс" дилерлік орталықтарында кепілдіктен кейінгі қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Медициналық жабдықтарға кепілдікті қызмет көрсету-пайдалануға берілген сәттен бастап 37 айды құрайды. Жаңа жабдықта тиімді жұмыс істеу үшін компания өңірлерде, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жедел жәрдем бригадалары үшін тренингтер ұйымдастырды.
Айта кету керек, 2019 жылы Жол картасы бекітілді, оның шеңберінде облыстық әкімдіктер мен республикалық маңызы бар қалалардың Денсаулық сақтау басқармалары "ҚДБ-Лизинг" АҚ лизингтік қаржыландыру есебінен жеңілдікті шарттармен автопаркті жаңарту мүмкіндігіне ие.