Алматы қаласына 9 айдың ішінде салынған инвестиция 22,1%-ке өсті

527

2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Алматы қаласының негізгі капиталына салынған инвестиция 974 млрд теңге болды деп жазады, inbusiness.kz Экономикалық зерттеулер институтына сілтеме жасап.  

Алматы қаласына 9 айдың ішінде салынған инвестиция 22,1%-ке өсті Фото: inform.kz

Жыл ішінде қалаға салынған инвестиция 22,1%, ел бойынша 7%-ке ұлғайған. Қалада негізінен тұрғын үй құрылысына және көлік пен қоймалау саласына қаражат құйылған, бүкіл инвестицияның 61%-ы жұмсалыпты.

Жылжымайтын мүлікпен жасалған операцияларға салынған инвестиция 352 млрд теңгеден 456 млрд теңгеге дейін, ал транспорт пен қоймалауға салынған инвестиция 91 млрд теңгеден 143 млрд теңгеге дейін артқан.

Қалаға салынатын қаражаттың 70%-ы инвесторлар мен кәсіпкерлердің жеке қаражаты есебінен, ол биылғы 9 айдың ішінде 35%-ға, 500 млрд теңгеден, 677 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

Мемлекеттік бюджеттен бөлінетін инвестиция 28%-ға, 157 млрд теңгеге дейін артса, қарыз құралдарының көлемі 140 млрд теңгеге дейін, 8%-ға өскен. 

Айта кету керек қала экономикасына белсенді түрде инвестиция жасайтын шағын кәсіпорындар, бүкіл инвестицияның 71%-ы тиесілі, негізгі капиталға қаражат салу 57%-ға, 688 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

Ірі кәсіпорындар аталған мерзім ішінде 220 млрд теңге, ал орта кәсіпорында 66 млрд теңге инвестиция салған.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу