Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайындағы брифингте шаңғы туризмінің жетістігі сөз болды.
– Алматы Орталық Азиядағы жетекші туристік аймақ ретінде өз позициясын нығайтуда. 2024 жылдың 9 айында қалаға 1,7 миллион турист келді. Оның 507 мыңы – шетелдік қонақтар, – деді Ерболат Досаев.
Жалпы, қаланың өнерлік туризм орталығы ерекше болып тұр. Сонымен қатар, әлемнің 60 елі қатысқан көрмеде үздік атанғаны да бар.
– Алматыны өнерлік туризм орталығы ретінде танылуы жоғары халықаралық бағалармен расталады. Қаламыздың шаңғы тебу туризмі бойынша ТОП-5 бағыттың қатарын енді және ең жақсы 10 саяхат орындарының бірі ретінде белгіленді. Осы жылдың қарашасында Qatar Travel Mart 2024 халықаралық көрмесінде Алматы әлемдегі 60 ел қалалары қатысқан "Үздік туристік бағыт" мәртебесіне ие болды, – деді шаһар басшысы.