Мемлекет басшысының Жарлығымен Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек басқа жұмысқа ауысуына байланысты Алматы қаласының әкімі қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
Оның орнына Бақытжан Сағынтаев тағайындалды.
"Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалсын",– делінген Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығында.
Бақытжан Сағынтаев бұған дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысы болған.
Бақытжан Сағынтаев 1963 жылы 13 қазанда Жамбыл облысында туған.
1985 ж. – С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітірген, экономист, экономика ғылымдарының кандидатын бітірген.
Еңбек жолын Алматы халық шаруашылығы иснтитутының саяси экономика кафедрасында оқытушы болып бастаған.
1988-1992 жж. – С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде ассисенттіктен әлеуметтану кафелрасының доцентіне дейін көтерілген.
1992-1998 жж. – кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.
1998 ж. – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.
1999-2002 жж. – ҚР Шағын бизнеске қолдау көрсету жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары, "Шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсету қоры" ЖАҚ басқармасының төрағасы, ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнеске қолдау көрсету жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
2002-2004 жж. – ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсеелестікті қорғау жөніндегі агенттік төрағасының бірінші орынбасары.
2004-2007 жж. – ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттік төрағасы.
2007-2008 жж. – ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің жетекшісі.
2008-2012 жж. – Павлодар облысының әкімі.
2012-2013 жж. – Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда министрі.
2012 жылдың 24 қыркүйегінен бастап – "Нұр Отан" ХДП-ның төрағасының бірінші орынбасары.
2013 жылдың 6 қарашасынан – ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
2015 жылдың шілдесінен бастап – "Қазатомөнеркәсіп" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.
2016 жылдың 8 қыркүйегінен бастап – ҚР премьер-министрі қызметі міндетін уақытша атқарушы.
2016 жылдың 9 қыркүйегінен – 2019 жылдың 21 ақпанына дейін – ҚР премьер-министрі болған.
Сонымен қатар 2016 жылдың 28 қыркүйегінен бастап – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесі төрағасы.
"Құрмет" орденімен және медальдармен марапатталған.