Алматы қаласында 600 сайлау учаскесі жұмыс істейді

627

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде Алматы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова сайлау учаскелерінің дайындығы туралы баяндады деп жазады inbusiness.kz.

Алматы қаласында 600 сайлау учаскесі жұмыс істейді

"Алматыда алдағы кезектен тыс Президент сайлауына байланысты 600 сайлау комиссиясы құрылды. 8 аудандық және бір қалалық сайлау комиссиясы жұмыстарын бастап жатыр. Қазіргі уақытта аудандық әкімдіктермен бірлесіп сайлаушылардың тізімі реттелуде. Әрбір азамат егер сайлау тізімінде болмаса немесе басқа қалада тіркелген болса, арызданып, өзін тізімге енгізе алады. Бұл шара 30 қазанға дейін жалғасады. Одан кейін өзін тізімге қосу мүмкіндігі жойылады", - деді Жанна Асанова.

Сонымен қатар, спикер 30 қазаннан кейін есептен шығару куәліктері берілетінін айтты.

"Есептен шығару куәліктерін алған тұрғындар басқа қалада, өңірде дауыс бере алады. Қазіргі уақытта біздің қызметіміз - азаматтардың кандидатты қолдап жиналған қолдарын тексеру",- деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу