Алматыда 24 қаңтардан бастап 92 бағытта жаңа автобустар жүре бастайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ресми мәліметтерге сәйкес, Golden Dragon маркасының төмен еденді 12 метрлі автобустары жолға шығады.
"Автобустар жайлылықты арттыруға және жолаушылардың қауіпсіздігі үшін арналған заманауи технологиялық жиынтықпен жабдықталған. Сондай-ақ бейне тіркегіші бар. Жалпы сыйымдылығы 113 орын, оның ішінде 28 отыратын, 85 тұруға арналған орындар. Бұған дейін, 92 бағытта Zhong Tong маркалы автобустар жүретін", - деп түсіндірді компанияның баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, компания автобустардың саны 22-ден 25-ке дейін көбейгенін мәлім етті. Бұл қоғамдық көлікті күту уақытын қысқартып, сервис сапасын жақсартуға септігін тигізбек.