Алматы қаласында 93 көшенің атауы жоқ

874

Алматы қаласында 93 көшенің атауы жоқ

Алматыда жарты жылдан кейін 100-ден аса көшенің атауы өзгереді, деп хабарлайды almaty.tv.

Алматы қаласындағы Наурызбай және Бостандық ауданында бұрын-соңды атауы болмаған бес көшеге тарихи таным мен дәртүрге сай ныспы берілді.

Қазіргі ережеге сай әкімшілік орындар мен объектілерге кісі аттарын беруге мейлінше шектеу қойылыпты. Сондай-ақ келесі жылға дейін қайталанатын 106 көшенің атын ауыстыру көзделіп отыр екен.

"Бүгінгі таңда кісі есімдеріне объектілер мен көшелерге атау беру жөнінде шектеу қойылған. Сол себептен қазіргі таңда тарихи жер-су атауларыменен ұлттық танымға жақын дәстүрлі осы бес көшеге атаулар берілді. Қазіргі таңда 106 көшенің атауы қайталанады. Орталық көшелермен бірдей. Осы қайталанатын көшелердің белгіленген тәртіппенен ауыстырылу жұмыстарына байланысты іс-шаралар атқаралып жатыр", - деді Тілдерді дамыту басқармасы ономастика бөлімінің басшысы Өтепберген Қалабай.

Жалпы бүгінде қалада 2 жарым мыңға жуық көше бар. Осыған дейін оның 600-ден астамының атауы өзгертілген. 93 көшенің есімі мүлде жоқ болса, 337 көше бірінің атын бірі қайталайды. Көшелерге атау беру мәселесі бірнеше саты арқылы жүзеге асады. Ол үшін аумақтағы халықтың пікірі ескеріліп, қалалық және ономастикалық комиссия қарауына жіберіледі. Одан шыққан тиісті қорытынды қала мәслихатына енгіліп, сонда нақты шешім қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу