Алматы қаласында азаматтарды азаптаған 3 полицей сотталды

401

Олар атақтарынан айырылды.  

Алматы қаласында азаматтарды азаптаған 3 полицей сотталды Фото: polisia.kz

19 наурызда Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында "Қаңтар" оқиғасы кезінде азаптау қолдану фактісі бойынша 3 полиция қызметкеріне қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокурорлары тергеді. Прокурорлар полицейлердің 2022 жылғы 9 қаңтарда Алмалы аудандық полиция басқармасына жеткізілген 3 азаматқа қатысты азаптау әрекетін қолданғанын дәлелдеді.

Олардың заңсыз әрекеттерінің салдарынан 3 жәбірленушіге тән жарақаты келтірілген.

"Соттың үкімімен үш сотталушы арнаулы атақтары мен мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылып, оларға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалып, аталған адамдар сот залында қамауға алынды", – делінген прокуратура хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, күні кеше Талдықорғанда Қаңтар оқиғасы кезінде азаматтарды азаптаған экс-полицейлерге сот үкімі шыққан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу