Қазақстанда өткен тәулікте 1100 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды inbusiness.kz шұғыл штабқа сілтеме жасап.
Аймақтар ішінде Алматы қаласында тіркелгендер саны көп – 330. Нұр-Сұлтан қаласында 185 адамнан індет анықталды.
Шымкент қаласында – 35, Ақмола облысында – 50, Ақтөбе облысында – 54, Алматы облысында – 108, Атырау облысында – 82, Шығыс Қазақстан облысында – 19, Жамбыл облысында – 12, Батыс Қазақстан облысында – 48, Қарағанды облысында – 98, Қостанай облысында – 40, Маңғыстау облысында – 2, Павлодар облысында – 28, Солтүстік Қазақстан облысында – 7, Түркістан облысында 2 жағдай тіркелді.
Елде індеттің алғашқы жағдайы тіркелгелі бері жұқтырғандар саны 237300-ге жетті. Олардың 214714-і жазылып шықты.