Алматы қаласында биыл 1-сыныпқа 32 мыңға жуық бала барады

1069

Алматы қаласында биылғы жылдың 5 шілдесінен бастап жыл сайынғы дәстүрлі "Жүректен – жүрекке" ұраны бойынша "Мектепке жол" акциясы жүруде. 

Алматы қаласында биыл 1-сыныпқа 32 мыңға жуық бала барады

 

Алматы қаласында 1 қыркүйекте 1-11 класстарға 258 мыңнан астам оқушы келеді деп күтілуде. Алдын ала жасалған болжам бойынша, бірінші сыныптықтар контингенті 32 мың оқушыны құрайтын болады. Бұл туралы жаңа оқу жылына дайындық туралы баспасөз мәслихатында айтылды.

Қала білім басқармасының басшысы Гүлнәр Қожабергенова өзінің сөзінде Алматыда 185 мемлекеттік балабақшаның және 204 мемлекеттік мектеп пен 22 мемлекеттік колледждің бар екенін айтты.

Қазіргі кезде барлық мемлекеттік білім ошағында жөндеу жұмыстары аяқталған. Ал, 2 балабақша мен 9 мектепте, №9 мектеп-интернатта күрделі жөндеумен қатар сейсмикалық күшейту жұмыстары жүруде. 5 мектептегі жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылына дейін аяқталады.

Мектептердің барлық оқушыларына оқу құралдары беріледі. Келісімге сай оқу құралдары білім ұйымдарына 2019 жылдың 20 тамызына дейін жеткізіледі. Алматы қаласында биылғы жылдың 5 шілдесінен бастап жыл сайынғы дәстүрлі "Жүректен – жүрекке" ұраны бойынша "Мектепке жол" акциясы жүруде. Акция 30 қыркүйекте аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу