26-30 маусым аралығында Алматы қаласының Әуезов ауданында Сүлейменов көшесінен Пришвин көшесіне дейін Черепанов көшесі бойынша автокөлік қозғалысы жабылады.
Аталған көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін магистральдық құбырға ағымдағы жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.
Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз, делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу