Алматы қаласында екі жаңа басқарма құрылмақ

397

Қалалық мәслихат кезектен тыс XIV сессия барысында сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасын, сондай-ақ қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасын құруды бекітті.  

Алматы қаласында екі жаңа басқарма құрылмақ Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Азаматтық қорғау, жұмылдыру дайындығы және жайлы қалалық ортаны сапалы дамыту саласында тиімді реттеуді қамтамасыз ету мақсатында Алматы әкімдігінде екі жаңа басқарма пайда болады, деп жазады inbusiness.kz.

Бірінші басқарманың негізгі міндеті - сейсмикалық қауіпсіздік стандарттарының сақталуын қамтамасыз ету, жер сілкінісі қаупін басқару, табиғи апаттар кезінде өзін қалай ұстаудың базалық дағдыларына үйретуді ұйымдастыру. Сондай-ақ ТЖ департаменттерін, полицияны, қалалық қызметтерді және сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ұйымдарды үйлестіру.

"Аталған басқарманың жұмысы сейсмоаудит жүргізуге, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қаупін мониторингтеудің бірыңғай жүйесін әзірлеуге, сондай - ақ азаматтық қорғану, жұмылдыру дайындығы саласындағы мемлекеттік реттеу мәселелерін шешуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті Алматы әкімі аппаратының басшысы Бейбіт Шаханов.

Оның айтуынша, сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасы іс-шаралардың алдын алу және жүзеге асыру мәселелерімен айналысатын болады, соның бірі-сейсмоаудит жүргізу.

Бейбіт Шаханов осы жылдың соңына дейін аяқталатын сейсмоаудиттің нәтижелері бойынша Алматы қаласында сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде кешенді шаралар қабылдау жоспарланып отырғанын атап өтті.

"Алматы қаласын дамыту бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі жайлы қалалық ортаны қалыптастыру, қоғамдық кеңістіктерді жаңғырту, салу және абаттандыру тұжырымдамаларын әзірлеу бөлігінде қала басқармалары мен аудан әкімдіктерінің жұмысын үйлестіретін болады", - деді Бейбіт Шаханов.

Айта кетерлігі, жаңа басқармаларды құру штат санын көбейтуді көздемейді, өйткені олар аудандық әкімдіктердің басқа басқармалары мен аппараттарын оңтайландыру есебінен құрылады және қосымша бюджет қаржысы бөлінбейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу