Алматы қаласында есірткі шегіп алған такси жүргізушісі адам тасыған

88

Әкімшілік полицияның мамандандырылған батальонының қызметкерлері түнгі уақытта автокөлікті тоқтатқан.

Алматы қаласында есірткі шегіп алған такси жүргізушісі адам тасыған Фото: polisia.kz

Өйткені, жүргізушінің әрекеті күмән тудырған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Полиция қызметкерлері оны бірден сот-медициналық наркологиялық сараптамаға жібереді.

Медициналық тексеріс жүргізушінің есірткіге мас болғанын анықтады. Ол сол жерде-ақ көлік жүргізу құқығынан шеттетіліп, Бостандық аудандық полиция басқармасына жеткізілді.

– Мас күйде көлік жүргізу заңды өрескел бұзу ғана емес, адамдардың өміріне тікелей қауіп төндіретін әрекет. Әсіресе, мұндай жүргізушілер жолаушы тасымалдаумен айналысқанда, жағдай тіпті ауырлайды. Өйткені олар өздеріне сеніп мінген жолаушылар ғана емес, жолдағы барлық азаматқа қауіп төндіреді, – деді Алматы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу