Алматы қаласында карантиндік шаралар күшейтілді

852

Жиын-тойлар өткізуге болмайды. 

Алматы қаласында карантиндік шаралар күшейтілді Фото: Серікжан Қобыланбаев

Бұл туралы Алматы қаласы мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді. 

"Көпшілік жиналатын шаралар мен банкет залдарының, бильярд, компьютерлік орталықтар мен боулингтердің, букмекерлік кеңселердің жұмысы тоқтатылды. Мұның барлығы арнайы зерттеу барысында індеттің таралуын тоқтату үшін қабылданған шара", – деді Жандарбек Бекшин. 

Осылайша Алматыда базарлар 9:00-ден 16:00-ге дейін, демалыс күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Ал сауда орталықтары тамақтану объектілерінің, ойын-сауық объектілерінің жұмысын тоқтата отырып, сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді. Банкет залдарының, бильярд, компьютерлік орталықтар мен боулингтердің, букмекерлік кеңселердің қызметі тоқтады. Банктер қызметкерлердің 50%-ын қашықтықтан жұмыс істеуге ауысады. Кештерді, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

Мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар филиалдары қызметкерлерінің 50%-ы қашықтықтан жұмыс істеуге көшуге тиіс. ХҚКО-ның жұмысы онлайн-форматқа аударылуы қажет. Қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысы 22:00-ге дейін шектеледі. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу