Алматы қаласында қоныс аудару қоры құрылады - әкім

522

Жыл соңына дейін Алматыда қоныс аудару қоры құрылады.  

Алматы қаласында қоныс аудару қоры құрылады - әкім Фото: tengrinews.kz

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуде айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Мегаполис басшысы көпшілікке тұрғын үй қорын жаңартудың жаңа бағдарламасы әзірленіп жатқанын жеткізді.

"Былтыр қалалық мәслихат қоныс аудару қорын құруға қатысты ойымды қолдаған болатын. Қор осы жылдың үшінші тоқсанында өз жұмысын бастайтын болады. Біз алдымен бюджет есебінен баспана сатып аламыз, сол жерге бұзылатын үйлердің тұрғындарын көшіреміз. Тек содан кейін ғана апатты үйлер сүріледі. Осы шаралардың барлығы адамдардың жайлы өмір сүруі үшін жасалады. Сонымен қатар Алматы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жеке инвестор жүзеге асыратын жобаларға қаржы бөлінді", - деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.

Қазір Алматыда реновация бағдарламасы уақытша тоқтатылғаны бәріне белгілі.

"Жақында Үкімет Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарын бекіттеді деп үміттенемін. Қазіргі уақытта тиімді бағдарлама әзірлеу үшін реновация бағдарламасын уақытша тоқтаттым. Жаңартылған нұсқадағы жоба жалпы талқылауға ұсынылады", - деді Ерболат Досаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу