Алматы қаласында Қытай капиталының қатысуымен 1064 кәсіпорын жұмыс істейді

Алматы әкімі "Қытайдың Синьсин  корпорациясы" директорлар кеңесінің төрағасымен кездесті.  

Алматы қаласында Қытай капиталының қатысуымен 1064 кәсіпорын жұмыс істейді Фото: Almaty.tv

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың "Қытайдың Синьсин корпорациясы" компаниясы директорлар кеңесінің Төрағасы Чжан Цзяньмен кездесуінде цифрландыру, ескі тұрғын үйлерді реновация бағдарламасы бойынша ғимараттар салу, электрондық коммерция нарығын дамыту саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері қаралды.

Кездесу барысында SMART City жобаларын іске асырудағы қытай қалаларының үлкен тәжірибесі атап өтілді: Global Innovation Index-2021 рейтингіне сәйкес Қытай әлемдегі ең инновациялық дамыған елдердің арасында 12-орында (Қазақстан – 129 елдің 79-ы). Тараптар ахуалдық орталық құруда, ТКШ жүйелерін автоматтандыруда, "Ақылды қала" жобасы аясында қоғамдық қауіпсіздік, денсаулық сақтау, білім беру және көлік саласында цифрлық шешімдерді енгізуде өзара іс-қимыл мүмкіндігін талқылады.

Жергілікті өндірушілер үшін өткізу нарықтарын кеңейтуге және екі ел арасындағы экономикалық процестерді жеделдетуге мүмкіндік беретін электрондық сауда платформасын әзірлеумен бірлескен кәсіпорын құру мәселесі қаралды.

Айта кетерлігі, 2021 жылы Alibaba.com маркетплейсте "Gold Supplier" иелері ретінде Алматының 12 компаниясы атанса, ал 2022 жылы – 56 компанияға жетті. Жаңа технологиялар саласындағы жұмысты жандандыру үшін ИТ бизнеске өзара жан-жақты қолдау көрсету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Қала басшысы шетелдік инвесторларды Алматы индустриалды аймағы мен "Инновациялық технологиялар паркі" АЭА аумағында бірлескен жобаларды құруға белсенді қатысуға шақырды, онда қазіргі уақытта қытай тарапымен бірлесіп үлкен диаметрлі болат дәнекерленген спиралешов құбырларын шығаратын зауыт салу ("Asia Steel Pipe Corporation" ЖШС) сияқты жобалар табысты іске асырылуда, жылу радиаторларын өндіру бойынша ("Valtherm" ЖШС), электроника және аспап жасау саласында ("Bona Electric" ЖШС) және т. б.

"Қытайдың Синьсин корпорациясы" компаниясының директорлар кеңесінің Төрағасы Чжан Цзянь қала басшысына жылы қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, Алматының бірлескен өзара тиімді жобаларды іске асыру үшін үлкен әлеуеті ғана емес, сонымен қатар  географиялық орналасуы мен қолайлы табиғи-климаттық жағдайларының өте тиімді екендігін, соның  арқасында  көптеген  инвесторларды тарта алатынын атап өтті.  

Бүгінде Алматы қаласында Қытай капиталының қатысуымен 1064 кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде 326 бірлескен, 738 шетелдік (Қазақстанда – 1869). 2022 жылдың қорытындысы бойынша екі  ел арасындағы екіжақты тауар айналымы 40%-ға өсіп, 6,8 млрд АҚШ долларын құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу