Алматы қаласында мешітте ұрлық жасағандар ұсталды

574

Олар адамдар намаз оқып жатқанда ұялы телефон ұрлаған.  

Алматы қаласында мешітте ұрлық жасағандар ұсталды Фото: polisia.kz

Алматыда мешітте ұрлық жасады деген күдікпен 2 ер адам ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бостандық ауданында полицейлер мешітте жасалған 7 ұрлықтың бетін ашты.

Аудандық полиция басқармасының басшысы Мақсат Қанапяевтың айтуынша, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 29-34 жастағы күдіктілер ұсталған. Олар еш жерде жұмыс істемеген.

"К. атты күдіктінің 5 қылмысқа қатысы бары дәлелденді. Оның "әріптесі", Е. атты азамат 2 рет ұрлық жасаған. Олар қаладағы ірі  мешітте бірнеше рет заңға қайшы әрекетке барған", - деді полиция басшысы.

Зардап шеккендердің айтуынша, олар мешітте намаз оқыған кезде телефондарын аяғының астына қойған. Мұны ұрылар сәтті пайдаланған.

"Жәбірленушілер тек намаздан кейін ұялы телефондарының жоғалғанын байқаған. Ұсталғандар ұрлыққа қатысы барын жоққа шығармайды. Олар өз кінәларын мойындап, істеген істеріне өкініп отыр", - деді Мақсат Қанапяев.

Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 88-бабы бойынша тіркелді. Күдіктілердің басқа қылмыстырға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу