Алматы қаласында заңсыз мигранттар ұсталды

285

Көші-қон заңнамасын бұзған 112 заңсыз шетел азаматтары анықталды.

Алматы қаласында заңсыз мигранттар ұсталды  Фото: ТАСС

Алматы қаласының көші-қон және жергілікті полиция қызметі бірлесіп жүргізген іс-шара нәтижесінде Қазақстанға көші-қон заңнамасын өрескел бұзып келген шетелдіктер анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Ресми деректерге сәйкес, ЖААІ-ның бірінші күні жергілікті рейдтер барысында 112 заңсыз шетелдік анықталған. Соның ішінде, Өзбекстанның –  90, Тәжікстанның – 11, Түркияның 8 және Нигерияның 3 азаматы бар.

"52 шетелдік олардың жеке басын растайтын құжаттарсыз қабылдау-тарату орталығына орналастырылды. Көші-қон заңнамасын бұзушыларға әкімшілік шаралар қолданылды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу