Алматы қаласында жанармай сақталған қойма өртеніп жатыр

688

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, нысан толықтай отқа оранған.  

Алматы қаласында жанармай сақталған қойма өртеніп жатыр Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

21 шілде күні Алматы қаласының Жетісу ауданындағы Тобаяқов көшесінде орналасқан қоймадан өрт шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Өрт туралы хабарлама 112 қызметіне күндіз түскен. Оқиға орнына жедел түрде МЧС-тің бірнеше бөлімшесі жіберіліп, жоғары деңгейдегі қиындықпен жұмыс жүргізіліп жатыр.

"Өртті сөндіру үлкен көлемдегі жанғыш заттардың болуы және қуатты жылу сәулесінің таралуына байланысты қиындатылып отыр", – деп хабарлады ТЖМ.

Қазіргі таңда өрт үш бағыт бойынша оқшауланған. Өртті сөндіру жұмыстарын Алматы қаласы ТЖД бастығы жеке өзі басқарып жатыр. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, қаланың барлық шұғыл қызметтері жұмылдырылған.

112 қызметіне жарақат алғандар туралы ақпарат түскен жоқ.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу