34 жыл бұрын дәл осы алаңда ызғарлы желтоқсан көтерілісі өткен болатын. Алғаш болып, гүл шоқтарын Алматы қаласы әкімдігінің атынан Бақытжан Сағынтаев бастаған мемлекеттік қызметшілер қойды. Одан кейін 1986 жылы желтоқсан қозғалысына қатысқандар және бір топ жастар гүл шоқтарын қойды. Кейіннен Желтоқсан қозғалысы кезінде дүниеден озған боздақтардың рухына арнап Құран да бағышталды. Сол уақытта от пен судың ортасында болған желтоқсаншылар, тәуелсіздік жастардың жалынды намысы мен қыршын кеткен қазақстандықтардың қанымен келген қастерлі ұғым дейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу