Алматы қаласындағы діни ғимараттар 30 мамырдан бастап ашылады

816

Нысанда 15-20 минуттан артық уақыт болуға тиым салынған.

Алматы қаласындағы діни ғимараттар 30 мамырдан бастап ашылады

Алматы қаласы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №32 қаулысына сәйкес, 30 мамырдан бастап санитарлық-дезинфекциялау режимі талаптарын қатаң сақтаған жағдайда қаладағы діни ғимараттар өз жұмысын бастай алады, деп хабарлады қалалық әкімдік.

Карантин уақытында діни нысандардың жұмыс жасауларына қойылатын басты талап: ұжымдық іс-шараларды ұйымдастырмау. Атап айтсақ, жұма намаздары, сенбі және жексенбі күні өткізілетін ғибадаттар, адамдармен топталып діни өлеңдер айту секілді және басқа да ұжымдық сипатқа ие құлшылықтарды өткізуге рұқсат етілмейді. Аталған шектеулердің басты мақсаты коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу.

Сонымен қатар, құлшылық кезінде діни қызметкерлер медициналық маска мен қолғап киюге және де әлеуметтік қашықтықты сақтауға міндетті. Ал бетперде кимеген және респираторлық аурулардың кез келген белгілері бар (дене қызуының көтерілуі, жөтел, тамақтың ауруы, тыныс алудың қиындауы) адамдар діни ғимаратқа кіргізілмейді.

Өз кезегінде, діни шараларға қатысуларына рұқсат етілген адамдарға ғимарат ішінде 15-20 минуттан артық бөгелулеріне рұқсат етілмейді.

Құралай Құдайберген 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу