"Мен сіз түсірген бейнені желіден көрдім. Көпшілік сияқты бұл оқиға мені де бей-жай қалдырмады. Бір жағынан, жолаушылардың әрекетіне қынжылдым, ал екінші жағынан, сіздің әрекетіңізге риза болып, өзіңізбен мақтандым", - деді әкім кездесу барысында.
Еске сала кетейік, қаладағы қоғамдық көліктердің бірінде қария еденге абайсызда тосап төгіп алса керек, ашуланған жолаушылар оны жерден алып, жерге салған. Бұған шыдамаған бойжеткен қарияның мұны әдейі істемегінін айтып, түсіністікпен қарауға шақырған. Соңында едендегі тосапты өз жейдесімен сүртіп алған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу