Алматы қаласының бас жоспары қайта жасалады

1092

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев XVIІ қала құрылысы форумында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы қаласының бас жоспары қайта жасалады

Шаһар басшысы мегаполистің өсіп келе жатқанын және Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес "Агломерацияларды дамыту туралы" жеке заң әзірленіп жатқанын атап өтті. Болжам бойынша, 2030 жылға қарай Алматы агломерациясының халқы шамамен 4,5 млн адамды құрайды. 

"Осы тенденциялар мен жедел даму және урбанизация процестерінің болжамдарын ескере отырып, Алматы әкімдігі 2040 жылға дейінгі болжамды мерзімі бар жаңа бас жоспарды әзірлеуге кірісті, ол биылғы жылдың соңына дейін аяқталады", – деді әкім. 

Ерболат Досаев соңғы 3-4 жылдан бері 2002 жылы қабылданған бас жоспар түзетіліп келгенін атап өтті. 

"Көп жұмыс атқарылды, бірақ өкінішке орай, бас жоспарды түзету 2002 жылы бекітілген құжатқа негізделген. 20 жыл ішінде қаланың өзі ғана емес, экономика құрылымы да өзгергені, Алматы облысы жаңа шекараларда да өзгергені анық. Бас жоспарды түзетуге атсалысқандардың барлығына алғыс айтқым келеді, 3-4 жыл жұмсалды. Бірақ біз жыл соңына дейін Алматы қаласын дамытудың жаңа бас жоспарын ұсына аламыз деп үміттенемін", – деп қосты әкім.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу