Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, бұзушылықтарды өз бетінше жою мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бақылаудың жаңа тетігін – оның тәртібін анықтай отырып, оған барусыз профилактикалық бақылауды енгізу ұсынылып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Алматы қаласының түзетулеріне сәйкес, мегаполистің мәселелерін шешу және тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін келісілген қала құрылысы саясатын жүргізуге мүмкіндік беретін қала құрылысы кеңесін енгізу және қаланың жобалық кодексін қабылдау ұсынылады", – деді ИИДМ басшысы.
Сонымен қатар ол мүлікті заңдастыру проблемаларын шешу үшін жылжымайтын мүлікті ресімдеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссия құру ұсынылып отырғанын айтты. "Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін меншік иелерінің келісімі болған жағдайда, азаматтар көп жиналатын жерлерде бейнекамералар орнату және бейнебақылау мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту ұсынылды. Бұл мегаполис аумағын бейнемониторингпен барынша қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – деді ведомство басшысы.