Алматы қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтарында бірнеше жаңа қызмет іске қосылды

398

Мемлекеттік қызметтерді сапалы және жедел көрсету мақсатында Алматы ХҚКО-ларында бірқатар пилоттық жобалар іске асырылуда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтарында бірнеше жаңа қызмет іске қосылды Фото: qyzylqoga.kz

Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барған алматылықтарға бірқатар жаңа қызмет қолжетімді болады.

Атап айтқанда, бейнеқоңырау арқылы электронды-цифрлық қолтаңба алу, тұрғылықты жері бойынша тіркелу, туу туралы куәлік алу, жылжымайтын мүлік туралы мәліметтер (жылжымайтын мүлік пен ауыртпалылықтардың болу-болмауы), бала туу бойынша жәрдемақы, жүргізуші куәлігін ауыстыру және тағы басқасы.

Бұдан бөлек, Медеу ауданында жеке куәліктер мен төлқұжаттарды рәсімдеу үшін терминал іске қосылады.

"Енді құжатты алуға өтінішті өз бетінше және жылдам беруге болады. Кезекке уақыт жұмсап, одан әрі көші-қон қызметкерінен тіркеуден өтіп, суретке түсіп, одан әрі төлем үшін кассаға жүгірудің қажеті жоқ. Құжаттау терминалы бәрін бір жерде жасауға мүмкіндік береді. Онымен қоса, азамат құжат үшін сәтті фотосуретті өз бетінше таңдай алады. Процесс 10 минуттан аспайды. Дегенмен қателіктер мен түсініспеушіліктерді болдырмау үшін өтініш берушіге көші-қон қызметінің қызметкеріне жүгіну қажет болады. Ол өтініштің, фотосуреттің және қолтаңбаның дұрыстығын тексереді", – деді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалы директорының орынбасары Айнаш Әубәкірова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу