Алматы қаласының келер жылғы бюджеті бекітілді

1229

Алматы қаласының келер жылғы бюджеті бекітілді

Алматы қаласының 2018 жылғы бюджеті 431,2 миллиард теңге. Мұндай шешім қалалық маслихаттың 25 сессиясында шығарылды.

Бюджетті бекіткенде барынша әлеуметтік – эконмикалық салалар назарға алынған. Келер жылы бюджеттің 3 тен 1 бөлігі қаланы көгалдандыруға, экологиялық жағдайды жақсартуға, яғни қаланы дамытуға жұмсалмақ. Арық жүйелерін жөндеуге 3,3 есе көп қаржы бөлінеді. Егер биыл 28 шақырым арық жүйесі жөнделсе, келер жылы тағы да 74 шақырымы қайта жасалмақ. Бұдан бөлек биыл қаланың автобус паркі 30%-ға жаңарып, 180 шақырымнан астам жол жөнделгенін айта кету керек. Әлеуметтік қорғауға келер жылы 8 ,8 миллиард теңге қарасытырылмақ.

Айта кетейік қаланың экономикалық даму қарқынының өсуі 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында 4%-ды, ал 11 ай ішінде негізгі капиталға тартылған инвестиция 15,7%-ды құрады.

Ілияс Өсеров Алматы қаласы эконмика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы: "Кәсіпкерлікті дамытуға үлкен көңіл бөлінуде. Табыс тауып шығандарды азайту негізгі міндет. Мәселен мемлекеттік кәсіпкерлекке жұмсалатын шығын көлемі 5 жылда 1,7 миллиард теңгені құраған. Жылына бұл шамамен 340 миллион теңге. Сондай-ақ метроның "Достык","Сарыарқа" бекеттерінің құрылысы одан әрі жалғасады. Олар іске қосылғанда жолаушы легі 1,5 есеге артып, жылына 18 млн. жолаушы тасымалданады деп жоспарланып отыр. Ал сел қаупінен қорғану үшін 2018 жылы моренді көлдерге мониторинг жүргізудің цифрлы жүйесі қолға алынады. Қазіргі кезде олар тік ұшақ арқылы бақылауға алынған. Сондай-ақ 2018 жылы әлеуметтік салаға барлық шығындардың тең жартысы жұмсалғаны мәлім болды".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу