Алматы қаласының комендатурасы қаладағы тәртіпсіздікке байланысты ақпарат таратты

974

Қала әкімдігі ресми ақпараттарға сенуді сұрады. 

Алматы қаласының комендатурасы қаладағы тәртіпсіздікке байланысты ақпарат таратты

Алматы қаласының комендатурасы қаладағы тәртіпсіздікке байланысты ақпарат таратты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

“Көлік иелерінен Төле би көшесін, Райымбек және Абай даңғылдарын, сондай-ақ қала орталығын айналып өтетін маршруттарды жоспарлауды, қала тұрғындарынан қазіргі уақытта жаяу жүруден және қоғамдық орындарға барудан бас тартуды сұраймыз”, – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, комендатура барлық азаматтар мен БАҚ өкілдерін тек ресми ақпараттарға сенуді сұрады.

Еске сала кетсек, Жаңаөзенде басталған бейбіт шерудің арты Алматы, Тараздағы шерулерге ұласты. Әзірге 200-ге жуық адам ұсталды. Алматы, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласында 19 қаңтарға дейін Төтенше жағдай жарияланды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу