"Алматы қаласының құрметті азаматы" атағын кімдер алды

996

Алматы тұрғындары Қала күнін тойлауда. Дәстүр бойынша қыркүйектің үшінші жексенбісінде шаһар күні атап өтіліп, түрлі іс-шаралар өтті.  

"Алматы қаласының құрметті азаматы" атағын кімдер алды Фото: Максим Морозов

Мегаполис әкімі  Ерболат Досаев "Сүйем сені, Алматы!" ретро-фестивалінің ашылу салтанатында алматылықтарды құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Алматы – аса бай тарихы, ерекше мәдениеті және таң қалдыратын көркем табиғаты бар ғажап әрі бірегей қала. Біздің шаһар еліміздің рухани және мәдени орталығы, Қазақстан Тәуелсіздігінің алтын бесігі болып табылатын ерекше мекен. Алматы тарихына көз салсақ, ол әр уақытта ғалымдарға, ақындарға, музыканттар мен сәулетшілерге шабыт берген. Осы ұлы тұлғалар қаламызда тұрып, өз шығармаларын өмірге әкеліп, шаһар келбетін әрлендіріп, жанын салып, Алматының ерекше мәдени кодын жасақтап келді", – деді құттықтау сөзінде әкім.

Қала басшысы Алматының дамуына, өркендеуіне үлес қосқан 10 тұрғынды "Алматы қаласының Құрметті азаматы" атағымен марапаттады. Оларға 1 млн теңгеге ақшалай сертификаттар табыс етілді. 


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу