Алматы қаласының құтқару қызметі ресейлік туристке әуе бортын ұсынды

1385

Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне Ресей Федерациясынан келген туристер тобына құтқарушылардың көмегі қажет екені туралы ақпарат келіп түсті Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы қаласының құтқару қызметі ресейлік туристке әуе бортын ұсынды

Талғат Уәлидің айтуынша, 15 турист Советтер шыңына көтерілген. Шыңды бағындыру кезінде бір адамның жағдайы күрт нашарлаған. 

"Республикалық жедел-құтқару жасағының 8 құтқарушысы мен кинологиялық топ дереу іздестіру-құтқару жұмыстарына шықты. Туристер 4 тамыз күні Советтер шыңының асуынан, теңіз деңгейінен 3700 метр биіктікте табылды. Жағдайы нашарлаған бойжеткенге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Бұл аймақтағы таулы жер таяз және тік жартасты шөгінділерден тұратындықтан, зардап шеккен адамды зембілмен тасымалдау мүмкіндігі болмады. Осыған байланысты Алматы қаласының құтқару қызметі әуе бортын ұсынды. Құтқарушыларға зардап шеккен адамды Үлкен Алматы шатқалындағы тікұшақ алаңында күтіп тұрған апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне жеткізу міндеті жүктелді", – деді ресми өкіл.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу