Алматы қаласының мәслихатына 42 депутат сайланады

517

Оның 21-і бір мандаттық аумақтық сайлау округтерінен, 21-і партиялық тізім бойынша дауыс жинайды.  

Алматы қаласының мәслихатына 42 депутат сайланады Фото: gov.kz

Алматы қаласының мәслихатына барлығы 42 депутат сайланады. Қазіргі таңда кандидаттарды ұсыну жұмысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматы қалалық сайлау комиссиясынан хабарлағандай, қалалық мәслихатқа 42 депутат сайланады. Оның 21-і бір мандаттық аумақтық сайлау округтерінен, 21-і партиялық тізім бойынша дауыс жинайды.

"Кандидаттарды ұсыну жұмыстары 20 қаңтарда басталды. 8 ақпан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де аяқталады", – деп хабарлады қалалық сайлау комиссиясынан.

Еске салайық, бұған дейін Жанна Асанова Алматы қаласынан Сенат депутаты болып сайланған еді.

Еске салсақ, 19 қаңтарда Мемлекет басшысы 7-сайланған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

Мәжіліс депутаттарын кезектен тыс сайлау 19 наурызға белгіленді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы мәлімдеме жасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу