Алматы-Қарағанды ​​тас жолында болған апаттан сегіз адам қайтыс болды

1028

Тоғыз адам әртүрлі ауырлықтағы жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Алматы-Қарағанды ​​тас жолында болған апаттан сегіз адам қайтыс болды
16 шілдеде сағат 03.20 шамасында Қарағанды облысы, Шет ауданында "Алматы-Екатеринбург" тас жолында MAN және Mercedes Sprinter микроавтобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Алматыдан Қарағанды қаласына бет алған Mercedes Sprinter автокөлігінде 17 жолаушы болған. 

Жол-көлік апатынан оқиға орынында жеті адам бірден қаза тапқан. Ауыр жарақат алған тағы бір жолаушы ауруханаға барар жолда жедел-жәрдем көлігінде қайтыс болды. Әртүрлі дене жарақаттарын алған тоғыз адам ауруханаға жеткізілген. Оларға медициналық көмек көрсетілуде.

Алдын ала болжам бойынша, Mercedes Sprinter автокөлігінің жүргізушісі көлікті жүргізіп келе жатып ұйықтап кеткен. Соңғы уақытта жол апаттарының жиілеп кетуіне орай полиция мамандары көлік жүргізушілеріне жолға шыққанда сақтық шараларын барынша ұстауға шақырады.

"Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Қорытындысы бойынша, нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады. Соңғы кезде адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғалары жиілеп кетті. Осыған орай, Қарағанды облысы Полиция департаменті көлік жүргізушілерге жол жүру ережелерін қатаң сақтауды, жылдамдықты шектен тыс асырмауды, алыс жолға шыққанда тынығып алуларын ескертеді", – деп мәлімдеді Облыстық полиция баспасөз қызметі. 

Арайлым Еркебаева 
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу