Алматы кардиологтары жүректі тоқтатпай ота жасады

1178

Шеберлік сағатын өткізу үшін Қызылордаға келген Алматы кардиологтары жүректі тоқтатпастан жүрек тамырларын ауыстырды. 

Алматы кардиологтары жүректі тоқтатпай ота жасады

Алматы кардиологтары Қызылорда облыстық көпсалалы ауруханасының базасында жүрегі ауыратын үш пациентке күрделі ота жасады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

42 жастағы ер адам миокард инфарктімен түскен. Шеберлік сағатын өткізу үшін Қызылордаға келген Алматы кардиологтары жүректі тоқтатпастан жүрек тамырларын ауыстырды. Тамырды ауыстыру үшін науқастың аяғындағы тамыр кесіліп алынды. Екінші науқас, 29 жастағы әйел 3-дәрежелі митральді қақпақшаның жетіспеушілігі дертімен ауырады. Тіпті осы кеселі үшін жүктілікті үзуге тура келген. Науқас әйелдің жүрегіне пластикалық ота жасалды. Әйелдің өз қақпақшасы сақталды. Ота сәтті өткендіктен, әйел болашақта бала көтеріп, аман-есен босана алады.

"Үшінші науқас, 50 жастағы ер адам аортаның жоғарғы бөлігінің аневризмасы деген диагнозбен түскен. Науқасқа Бенталл Де Боно отасы жасалды. Яғни, аорталды қақпақшаға протез салынып, аортокоронарлы шунт салынды. Бұл диагноздың қаупі жоғары, себебі кез келген уақытта пациент қайтыс болып кетуі мүмкін", – деді қалалық кардиохирургия орталығының меңгерушісі Нұрсан Сұрашев.

Мамандардың айтуынша, үш пациент те болашақта салауатты өмір салтын сақтап, спортпен айналыса алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу