Алматы кәсіпкерлер палатасы жанынан Инфрақұрылымдық даму жөнінде салалық кеңес құрылды

468

Кеңес тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болады.

Алматы кәсіпкерлер палатасы жанынан Инфрақұрылымдық даму жөнінде салалық кеңес құрылды Фото: Атамекен ҰКП

Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасының алаңында инфрақұрылымдық даму мәселелеріне бағытталған тағы бір салалық кеңес құрылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Кеңес модераторы, Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы басқарушы директорының орынбасары Жанна Мырзақұлова инфрақұрылымды дамыту мегаполистің экономикалық өсуіне қалай әсер ететінін айтты.

 "Автомобиль жолдары, мектептер, вокзалдар, ауруханалардың құрылысы – мұның бәрі өңірдің экономикалық дамуына және тұрғындардың әл-ауқатына әсер ететіні сөзсіз. Осыған қарамастан, инфрақұрылымды дамыту мәселелерінде бизнестің көптеген түйткілді мәселелері бар. Оларды біз жаңа салалық кеңесте шешетін боламыз", – деді Жанна Мырзақұлова.

Спикер кейбір бағыт бойынша жаңа кеңес көлік және логистика кеңесі, өнеркәсіп салаларымен тығыз жұмыс істейтінін атап өтті.

Инфрақұрылымдық даму кеңесінің мақсаты кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға жәрдемдесу.  

 Алматы қаласы ӨКП міндетін атқарушы Нариман Ибрагимов "Атамекен" ҰКП жаңа басқармасы алдына қойған міндеттердің бірі – сараптаманы шоғырландыру екенін атап өтті. Күшті салалық сараптамамен ҰКП салалық даму стратегияларын сапалы тұжырымдау мәселелерінде Үкімет пен Мемлекет басшысының көмекшісі болуға тиіс.

"Бұл кеңесте кәсіпкерлер түйткілді мәселелерін көтере алады, мемлекеттік органдар мен Үкімет деңгейіне ұсыныстар енгізе алады. Сондай-ақ НҚА сараптамасына, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу, туындайтын проблемаларды шешу бойынша ұсынымдар әзірлеуге болады", – деп атап өтті спикер.

 Кеңес барысында Алматы қаласының инфрақұрылымдық даму кеңесінің құрамын қалыптастыру бойынша ұсыныстар қаралды. Кеңес мүшелері арасындағы өзара іс-қимыл тәртібі, сараптамалық жұмыс (жобалау) топтарын құру талқыланды.

Еске салсақ, қазір барлық өңірлік палатада жергілікті жерлерде тығыз өзара іс-қимыл жасау үшін салалық кеңестер құрылып жатыр. Инфрақұрылымдық даму жөнінде салалық кеңес өнеркәсіп, құрылыс және ТКШ салаларын қамтитын болады.

Кеңес тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу