Алматы кәсіпкерлері салық каникулын сұрап отыр

893

Карантин басталғалы алматылық кәсіпкерлерден 8000-нан астам өтініш, шағым түскен.

Алматы кәсіпкерлері салық каникулын сұрап отыр

Алматыдағы карантиндік шектеу салдарынан табысы азайған кәсіпкерлер мемлекет тарапынан қосымша қолдау сұрап отыр. Бұл туралы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының "Фейсбуктегі" ресми парақшасында өткен онлайн-конференцияда қалалық палата директоры Нариман Әбілмашайықов айтты.

"Алматы қаласында карантин жарияланғалы бір апта болды. Осы аралықта жергілікті кәсіпкерлерден 8 мыңнан астам жүгінім түсті. Олардың сипатына қарап бірнеше топқа бөлуге болады. Алматылық кәсіпкерлерді алаңдатып отырған бірінші мәселе – екінші деңгейлі банктердің алдындағы  несиелер мен берешектер мәселесі. Бізге келіп түскен сауалдың  35 пайызы осы мәселеге қатысты. Екінші мәселе – мемлекет алдындағы салықтық міндеттемелер. Ірі бизнес нысандары да, шағын бизнес те бұл тұрғыда қолдау күтіп отыр. Оның өзінде салықтық міндеттемелердің мерзімін шегерудің орнына каникул сұрап отыр. Үшінші мәселе сауда-ойын сауық орталықтарының жалға берушілері мен жалға алушылары арасындағы қатынастарға қатысты. Бұл нысандарда 240 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Карантинге байланысты азық-түлік емес орталықтар жабылып жатыр. Техникалық қызмет көрсету, көлік жуу орындары кешеден бері жабылды. Олардан да көптеген өтініш, арыздар түсіп жатыр", – деді ол.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу