Алматы кәсіпкерлеріне шамамен 92,2 млрд теңге шығын келтірілген

969

Елдегі бассыздықтан республиканың 9 облысында 1 319 кәсіпкерлік субъектісі зардап шексе, оның 1 234-і Алматыда орналасқан. 

Алматы кәсіпкерлеріне шамамен 92,2 млрд теңге шығын келтірілген

Бүгінде шерушілердің лаңынан Қазақстанның 9 облысында 1 319 кәсіпкерлік субъектісі зардап шеккені анықталды. Оның ішінде 1 234 субъект Алматыда орналасқан, деп жазды Inbusiness.kz "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Еліміздің 9 облысында 1 488 нысанда орналасқан 1 319 кәсіпкерлік субъектісі зардап шеккені  анықталды. Оның ішінде Алматы қаласында – 1 399 нысанда орналасқан 1 234 субъект бар. Зардап шеккен кәсіпкерлік субъектілерінің филиалдары: сауда – 1 245, қоғамдық тамақтандыру – 25, қаржы секторы – 37, логистика – 9, БАҚ – 2 саласына қатысты", – деп жазылған хабарламада. 

Биылғы жылдың 10 қаңтарындағы жағдай бойынша "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының call-орталығына 2 774 қоңырау түсті. Оның ішінде: талан-таражға салу бойынша – 1 406, форс-мажорлық жағдайлар бойынша – 39, бақылау-өткізу пункттері бойынша – 2, зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қорына – 3, жеке тұлғалардан түскен қоңыраулар – 1 324.

"Келтірілген шығынның жалпы сомасы, шамамен алғанда, 93,7 млрд теңгеден астам. Оның ішінде Алматыда 92,2 млрд теңге", – деп түйіндеді палатаның баспасөз қызметі. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу