Алматы кәсіпкерлікті дамытуға ең қолайлы қала атанды

784

Алматы кәсіпкерлікті дамытуға ең қолайлы қала атанды

Кедендік органдар мен көлік инспекциясында сыбайлас жемқорлық деңгейі төмендемей тұр. Бұл туралы елдегі іскерлік ахуалға қатысты сауалнама жүргізген экономикалық зерттеу институтының мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Қазақстанның әр аймағынан сауалнамаға қатысқан 4 100 кәсіпкер мемлекеттік қызметтегі қағазбастылық пен құжат қараудағы мерзімнің ұзақтығына шағымданған. Бизнес өкілдері банк беретін несиенің пайызы жоғары екенін де айтып, жер алудың қиындығына назар аударыпты.

Сауалнама әкімшілік реттеу, мемлекеттің бизнесті қолдауы, жылжымайтын мүлік пен инфрақұрылым, адам мен қаржы ресурсы көлеңкелі экономика деңгейі секілді талаптармен өтті.

Нәтижесінде Алматы шаһары кәсіпкерлікті дамытуға ең қолайлы қала атанып, топ басындағы Астананың алдына шыққан. Ал Солтүстік, Қостанай және Қызылорда облыстары зерттеу қорытындысында ең төменгі орындарға жайғасса, Жамбыл, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында сыбайлас жемқорлық деңгейі жоғары деп танылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу