Алматы кешкі жүгіру жарысына 1300 адам қатысты

417

Олардың қатарында 300 бала және әрқайсысы бес адамнан құралған 200 команда болды.

Алматы кешкі жүгіру жарысына 1300 адам қатысты Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда 18 шілде күні Summer Relay жазғы эстафеталық жүгіру жарысы өтті. Жарысқа 1300 адам қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Биыл алғаш рет жарыс бағыты Төле би, Қабанбай батыр, Панфилов көшелері мен Абылай хан даңғылы арқылы өтті. Қатысушылар қаланың танымал көрікті жерлерінің жанынан жүгіріп өтті. Негізгі сайыс 10 шақырымдық командалық эстафета болды. Әр қатысушы 2 шақырымдық кезеңді еңсерді. Балалар үшін 500, 1000 және 2000 метр қашықтықтарға жеке жарыстар ұйымдастырылды.

Қонақтарға ойын-сауық және демалыс алаңдары жұмыс істеді. Ұйымдастырушылар экологиялық бастаманы да жалғастырып, пайдаланылған пластик стақандарды бөлек жинап, қайта өңдеуге жіберді.

Summer Relay жарысы 27 қыркүйекте өтетін мерейтойлық Almaty Marathon марафонына дайындық кезеңдерінің бірі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу