Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша көпқабатты "Жас Қанат" ТК құрылысына жауапты ұйымдар – "Hadid" және "Промкомплект" Б ЖШС-ге қатысты іс сотта қаралуда, "СК ШАХ" ЖШС қатысты талап- арыз әзірленуде, аталған мердігерлік ұйым тұрғын кешенінің айналасын абаттандырады. Әкімдік атқарылмаған жұмыстардың өтемін қайтаруды және оларды мемлекеттік сатып алу мерзімдерін бұзғаны әрі жұмыстарды сапрасыз атқарғандары үшін жауапсыз деп тануды талап етеді.
Қазір "Жас Қанат" көппәтерлі тұрғын кешеніндегі 41 үйдің 30-ы пайдалануға берілді, тағы 11 мердігер үйлерді кезең-кезеңімен тапсыруды жоспарлауда. Олардың белгіленген кестеден артта қалуына тура 1 жыл толды.
Көрші шағын аудандардағы инженерлік коммуникацияларға жауапты мердігерлермен әкімдік арасындағы ара-қатынас та сот арқылы шешілетін болады. "Жас Қанат" ш/а су құбыры мен кәріз салу үшін тиісті қаржыны алған "Жасыл Ел Құрылыс" ұйымы жосықсыз деп танылды. Әкімдік "Компания Нурай Стройды" сотқа беру үшін талап- арыз дайындауда. Мердігер "Нұршашкан" ш/а коммуникациялармен айналысқан.
Айына 30-дан астам апаттар, асфальтбетон жабынындағы келеңсіздіктер компанияның жұмысты сапасыз атқарғанын айғақтайды.
"Алматы әкімі құрылыс нысандарын аралау барысында сапасы төмен материалдарды пайдалануға, жұмысқа немқұрайлы қарауға болмайтындығына жіті назар аударды: қалада өз міндеттеріне жауапсыз қараған мердігерлермен келісім жасалмайды", – деп хабарлады әкімдік.