2026 жылдың алғашқы алты айында Алматыдағы кітапханаларға 700 мыңнан астам келуші тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазір қаладағы кітапхана желісі 30 филиалды біріктіріп отыр.
Мәдениет ошақтарының жалпы кітап қоры 1,37 млн данадан асса, тұрақты оқырмандар саны 341 мыңнан жоғары болды.
Биыл Алматы кітапханаларының мобильді қосымшасы іске қосылды. Пайдаланушылар қосымша арқылы электрондық оқырман билетін рәсімдеп, кітап каталогынан қажетті басылымды іздей алады, кітапты пайдалану мерзімін ұзартып, жеткізу қызметіне тапсырыс бере алады.
Ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін бұл қызметтер тегін көрсетіледі.
Сонымен қатар кітап қорын цифрландыру жұмыстары жалғасуда. Бүгінде 39 мыңға жуық материал электрондық форматқа көшірілген.