Алматы кітапханаларында оқу машиналары пайда болды

372

Тактильді басқару түймесі бар құрылғы мәтінді оқу камерасымен жабдықталған.

Алматы кітапханаларында оқу машиналары пайда болды Фото: Алматы әкімдігі

Алматының төрт кітапханасында зағип және көру қабілеті нашар адамдарға арналған арнайы жабдық орнатылды. Ол мәтін түріндегі ақпаратты қолжетімді форматқа ауыстырып, өңдейді, бұл оқуға ыңғайлы әрі тиімді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, тактильді басқару түймесі бар құрылғы мәтінді оқу камерасымен жабдықталған. Оқу машинасы құжаттағы, кітаптағы және журналдағы мәтінді сканерлеп, монитордағы суретті үлкейтіп, оны жоғары дәлдікпен әрі аудиоформат түрінде анық бере алады.

Мәтін бойынша іздеу пайдаланушыларға мәтінді жылжытуға, бөлім мен параққа ауысуға көмектеседі, бұл оқу және зерттеу үдерісін жеңілдетеді.

Әзірге, оқу машиналары А.П.Чехов атындағы орталық қалалық кітапханада, Alatau Creative Hub, Қазақстан Жазушылары кітапханасы мен №4 кітапхана филиалында орнатылған. Келесі жылы кітапханаларды осындай құрылғылармен жабдықтау жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу