Алматы көкпар командасы жаңа формасын таныстырды

1652

Алматы көкпар командасы жаңа формасын таныстырды

Алматы көкпаршылары Астанада маусымның 29-ы мен шілденің  6-і  аралығында өтетін Қазақстан чемпионатының алдында жаңа формасын таныстырды, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Жаңа киім үлгісі қою қоңыр түсте әзірленген. Екі жеңі мен бөрікте ұлттық нақыштағы ою-өрнектер тоқылып, кеудесінде Алматы қаласының логотипі және ойыншының нөмірі орналасқан.

- Бұл форма өте әдемі шыққан. Бізге ұнады. Енді біз алдағы чемпионаты ұтуымыз керек. Қазір Алматы ипподромында күніне екі рет дайындалудамыз, - деп Алматы ойыншысы Омархан Есімхан өз ойымен бөлісті.

Айта кетер жайт, бұл чемпионатқа Қазақстанның әр аймағынан келген командалар қатысатын болады. Алматының жаңа клубы үшін бұл біріншілік алғашқы болмақ. Оның құрамасында жас әрі тәжірибелі көкпаршылар өнер көрсетеді. Олар: Нұрсұлтан Молберген, Асқар Оңғарбаев, Айтбек Нартай, Қайыржан Сүлейменов, Елдос Тлебалдиев, Абай Ережеп, Омархан Есімхан, Айбек Болатов, Түймебек Жұмалиев, Арман Жамалбеков, Мұқағали Төреқұлов, Берік Мырзахметов.

Сонымен қатар, көкпардан бөлек өзара мықтыны аударыспақ палуандары да анықтайтын болады. Алматы қаласының намысын Уәлихан Рүстембек (80 кг дейін), Ерлан Тойымбетов (90 кг дейін) және Мұратәли Тезекбаев (+90 кг) қорғайтын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу