Алматы коммуналдық кәсіпорнының басшысы пара алды деген күдікке ілінді

338

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі мәлім етті.

Алматы коммуналдық кәсіпорнының басшысы пара алды деген күдікке ілінді Фото: inbusiness.kz

Алматы қаласы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Алматы тазалық" ШЖҚ МКК директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол мердігер ұйым өкілінен 2,7 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде. Бұл сома орындалған жұмыстардың актілеріне қол қоюға, мемлекеттік сатып алулар бойынша қосымша келісімшарттар жасауға және жалпы қамқорлыққа арналған.

Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу