Алматы - Қонаев арасында поезд жүре бастады

854

Бүгін, 11-қарашадан бастап Алматы-Қонаев жолаушылары  үшін жаңа бағдары қатынай бастады. 

Алматы - Қонаев арасында поезд жүре бастады Фото: zakon.kz

Пойыз тәулігіне бір рет, Алматы-1 станциясынан сағат 06:44-те жөнелтіліп,  Қапшағай станциясына сағат 08:35-те келіп жетеді. Сондай-ақ Қапшағай станциясынан сағат 19:15-те жолға шығып,  Алматы-1 станциясына сағат 20:50-де келетін болады, деп жазады inbusiness.kz, Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пойыздың құрамында-жалпы сыйымдылығы 175 орындық 3 вагон бар. Тасымалдауды ұйымдастыруды "Жолаушылар тасымалы" АҚ жүзеге асырады.

“№6906/6907 қала сыртындағы пойызға "Алматы-1 – Қапшағай" қатынасымен жол жүру құжаттарын (билеттерін) төменде көрсетілген нұсқаулықтар арқылы сатып алуға болады:

- "Жолаушылар тасымалы" АҚ билет кассалары;

- жолаушылар агенттіктерінің билет кассалары;

- электрондық өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары;

- интернет-ресурстар (сайттар);

- "Қазпошта" бөлімшелері.

Сонымен қатар, билет сататын кассалары жоқ станцияларда жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеу№6906/6907 қала сыртындағы поездің "Алматы-1 – Қапшағай" қатынасындағы жолсерікке тікелей жолданады”, - делінген хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу