Жол апаты 18 қарашада Жаркент қаласының маңында екі Аудидің қатысуымен орын алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Polisia.kz телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Оқиға орнынан ауруханаға 5 адам жеткізілді, оның біреуі медициналық тексеруден кейін ауруханаға жатқызылды.
"Автокөліктер "Алматы-Қорғас" тас жолының 336 шақырымында соқтығысқан. Алдын ала болжам бойынша, автомобильдердің бірінде дөңгелегі жарылып, нәтижесінде жүргізуші рульге ие болмай, басқа көлікпен соқтығысуға жол берді. Бұл жағдай кейіннен екі шетелдік көліктің де өртенуіне себеп болды. Өртті оқиға орнына шақырылған өртке қарсы қызметінің өрт сөндірушілері өшірді", – деп жазылған Polisia.kz телеграм-арнасының хабарламасында.
Полиция апаттың барлық жағдайларын мұқият анықтап жатыр.