Алматы-Қорғас тас жолындағы көлік апатынан кейін "ҚазАвтоЖол" жұмысшылары жазаланды

452

Көліктердің соқтығысуына көктайғақ себеп болған.

Алматы-Қорғас тас жолындағы көлік апатынан кейін "ҚазАвтоЖол" жұмысшылары жазаланды Фото: Видеодан скриншот

"ҚазАвтоЖол" қызметкерлері Алматы-Қорғас тас жолында болған екі жол апатынан кейін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Алматы облысының полиция департаменті басшысы Бауыржан Әленовтың айтуынша, аталған жол учаскесінде тиісті қызмет көрсетілмеген.

"29 қаңтарда Алматы-Шелек-Қорғас тас жолының 24-ші шақырымында бірнеше көліктің қатысуымен жол апаты болды. Жолдың осы бөлігіне қызмет көрсететін "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ қызметкерлері жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

Екі жол апаты үшін 1991 және 2002 жылы туған жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алдын ала болжам бойынша, көліктердің соқтығысуына көктайғақ себеп болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу