Алматы көшелерінде "ыстықтап" жүрген жастардың ісі сотқа жолданды

972

Көшеде өтіп бара жатқан адамдарды өрт сөндіргіш құралды қосып, қорқытқандардың кім екендіктері анықталып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық сайтына сілтеме жасап.

Алматы көшелерінде "ыстықтап" жүрген жастардың ісі сотқа жолданды

1999 жылы туған К. Әлиакбаров, 2002 жылғы А. Армиянов және оператордың (қазіргі уақытта жеке басы анықталып жатыр) іс-әрекеттері ҚР ӘҚбК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша квалификацияланған.

"19 жастағы А. Армиянов алдында метрода әуендік колоннамен жасалған пранктерге қатысқан және осыған дейін ҚР ӘҚбК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұл әрекеттер айыппұлды немесе әкімшілік қамауға алуды көздейді. Жинақталған әкімшілік іс жүргізу материалы шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Жақында 2021 жылы 21 қарашада Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен К. Әлиакбаров (бейнетаспада қолында өрт сөндіргіші бар) әкімшілік қамауға алу түріндегі жауапкершілікке тартылды. А. Армияновқа және операторға қатысты тексеру жалғасуда", – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу